Мәдени күндер байқауы қорытындыланды

09 декабря 2016
(2 голосов)

Бүгін Алматы облысы аудан -қалалары арасында өткен мәдени күндер байқауының қорытындысы шығарылды. Дәстүрлі байқау жеңімпаздарын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марапаттады. Салтанатты шара соңы, мәдени күндер аясында іріктеліп алынған таңдаулы өнер ұжымдарының гала концертіне ұласты.

"Мәдениет- мәңгілік қазына. Өнер-өшпес мұра"..."Ұлттық" деген ұғым аясына кірер құндылықтарды дәріптеп келе жатқан мәдени күндер байқауы ұйымдастырушыларының ұстанымы осы! Алматы облысында үздіксіз өтікізіліп келе жатқанына -11 ші жыл. Танымдық -тағылымдық идеясы шараның көпшілік тарапынан  игі іс деп танылуына негіз берді. Әр жылда көтерген тақырыбы түрлі. Биылғысы - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Сондығынан да мазмұны жылдағыдан бай, сан қырлы болды. Қорытынды шарасы да бар сән- салтанатымен өтті. "Мәдениет пен өнерді ұлықтау - ұлттың өресін танытады", -дейді облыс әкімі Амандық Баталов.   

Мәдени күндер байқауының талап -шарттары айқын. Әр аудан-қала тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен әлеуметтік -экономикалық, қоғамдық -мәдени жетістіктерін халық назарына ұтымды ұсына білулері тиіс. Мерейтойлы жыл болғандықтан, әр аудан-қала халқы байқауға барын салды, бары мен базарын паш етті. Әйтсе де, жарыстың аты жарыс. Оқ бойы озық шығып, бас жүлдені -  Қарасай ауданы жеңіп алды.25 жылдық құрметіне орай, қазылар алқасы қалған 15 аудан мен 3 қаланы бөліп-жармай бәріне бірдей 2-орынды беріпті.  Оларға тегіс алғыс хаттар мен 500 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді.

Салтанатты марапаттау соңы гала концертке ұласты. Көпшілік назарына Тәуелсіз Қазақстан тарихына шолу жасарлық қойылымдар ұсынылды. Елдікті, ерлікті, береке -бірлікті насихаттар әндер мен күйлер, билер орындалды. 40-50 минутқа созылған гала концерт әр көрерменінің көңілін асқақтатып, Отаншылдық  сезімдерін арттыра түсті.    

Г.Мақұлжанова, "Жетісу" телеарнасы.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.