Моншадағы өрт

19 октября 2017
(1 Голосовать)

Бүгін Талдықорғандағы ең үлкен қоғамдық монша отқа оранды. Қызыл жалын түске таман тұтанған, сол шақта "Ақ бастау"моншасының ішінде 10 ға жуық адам жуынып жатыпты. Қайта сол маңнан өтіп бара жатқан жергілікті полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп адамдарды сыртқа алып шыққан.

Моншадағы өрттің нақты неден шыққаны әлі белгісіз. Бірақ бір анығы қызыл жалын ғимараттың шатырынан тұтаныпты. Ал төтенше жағдай туралы хабарлама 102 нөміріне сағат 11-20 да келіп түскен. Содан өрт сөндірушілер "Ақ бастауға" қарай аттанған.



Өрт болған кезде моншада 10 ға жуық адам жуынып жатқан екен. Ішінде кішкентай бүлдіршіндер мен қарттар да болған. Оларды жол сақшылары құтқарып қалды. Сол маңнан өтіп бара жатқан жол-патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп адамдарды сыртқа аман-есен алып шыққан.

Өрт сөндірушілер құтқару сатысын орнатып төбеге көтерілді. Жерден де су шашып , тілсіз жауды жан-жақтан тізгіндеуге кірісті. Қырсыққанда сол кезде қатты жел соғып, біраз әбігерге салды. Бұл монша талдықорғандықтар ең жиі баратын жуыну орны болатын. Қайта бүгін демалыс күні болмағынана шүкір деп отыр куәгерлер. Себебі, сенбі мен жексенбі де мұнда адам қарасы үзілмейтін. ТЖД хабарлауынша бұл жолы 800 шаршы метр аумақ күйіп кеткен. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.