«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

06 ноября 2017
(0 голосов)

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында партияның өткен он айда еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы аясында атқарған жұмысы қаралды.  Жыл басынан бері бас партияға 190 мың өтініш келіп түскен,  соның 96 пайызы оң шешімін тапқан. Партияның республикалық желілік кестесіне сай, жыл басынан бері 5 миллионнан астам адамды қамтыған 85 мыңға жуық іс-шара өткен. "Нұр отанның" мүшелері қазір млн. адамнан асқан. Әлеуметтік желілердегі жақтастары да көбейіпті. Мәселен,  Фейсбук парақшасындағы пікір білдірушілер саны 5,8 есеге артыпты.

Басқосуда партияның төрағасы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет,- деп атап өтті. Өйткені, ел, экономика жаңғырып, соған сәйкес саяси күштер де соған сай болуы тиіс,-  деді Елбасы. Отырысқа Алматы облысының әкімі бастаған жетісулық партия мүшелері онлайн режимде қатысты. Дәл осы жерде Амандық Баталов партия филиалының бас-көз болуымен аймақта атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Әсіресе, ауыл шаруашылығының дамуы жайын баяндады. Соңғы екі жылда жетісу жерінде 239 кооператив құрылған. Ол 13 мың ұсақ шаруашылықтың басын біріктірген. Соның арқасында саладағы өнім өндіру көлемі айтарлықтай өскен.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ   АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ    Осы жылдың 9 ай қортындысы бойынша ет өндірісі 6.2 пайызға, сүт өндірісі 3.2 пайызға артты. Бүгінгі күнде 948 мыңға жеткен ауылшаруашылығы дақылдары алқабының 17 пайызы заманауи технологияларды пайдаланып өңделуде. Сіздің барлық тапсырмаларыңыз "Нұр отан" партиясы Алматы облыстық филиалының ерекше бақылауында болады. Оны әрдайым сапалы етіп орындауға біз алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.