Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

02 июня 2017
(0 голосов)

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда Алматы облысының 2016 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі тыңдалды. Сонымен қатар, 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессия жұмысына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. {ВИДЕО: }Бюджет жобасы бойынша Алматы облыстық экономика және  бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Асқар Қожабаев баяндама жасады. Нақтыланған өзгеріс сомасы 8 млрд теңге шамасында қабылданды. Мәселен, 388 млн теңге қорғаныс саласына жұмсалады. Оның ішінде 100 млн теңге Қырғауылды өзенінде жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына бөлінеді. 967 млн.теңге Ақсу қант зауытына технологиялық құрылғылар сатып алуға бағытталмақ. Қысқасы, қосымша қаржыдан білім, денсаулық, тұрғын үй коммуналдық, әлеуметтік, ішкі саясат, сәулет және құрлыс салалары да құр алақан қалмады. Қорытындысында облыс бюджеті 395 млрд теңге көлемінде бекітілді.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Алдағы уақыт олимпиадалық талаптарға сай жүзу бассейнін салуды ойластырып жатырмыз. Ұзындығы 50 метрден екі бассейн салу жоспарланған. Сонымен қатар, 300 миллион теңге үш тілде білім беру үшін ағылшын тілін үйренуге және денсаулық сақтау салсының мамандарының біліктілігін арттыруға жұмсалады. Ең бастысы бюджет қаржысын мақсатты игерілуін қадағалаңыздар!

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.