Облыстың ең үздік тауар өндірушілері марапатталды

03 июля 2017
(0 голосов)

 “Қазақстанның үздік тауары-2017” байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Таңдаулыларға қойылған талап -  соңғы технологиялар мен жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи өнімдер даярлау болатын. Бүгінгі көрмеде 40-тан астам компания өкілдері бүгін өз тауарларының сапасы мен артықшылықтарын көрсетті.

Ұлттық үлгідегі кәдесыйлар, тәттілер мен тапсырыспен тігілген арнайы киімдер. Бұл Үздік тауар-2017 байқауына жеткізілген өнімдердің бір ғана парасы. Мәдениет сарайына жиналған 44 компания өкілі бүгін ең сапалы деген тауарларымен таныстырды.  Сайысқа түскен таңдаулы өнімдерді комиссия мүшелері 4 аталым  бойынша анықтауға тиіс.

РИМА САЛЫҚОВА “АТАМЕКЕН” КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫ перевод Биыл жаңадан қызмет көрсету бойынша номинация енгіздік. Себебі, бірталай кәсіпорын дәл осы қызмет түрімен айналысады. Бізді қуантатыны жылдан жылға байқауға қатысқысы келетіндердің  саны артып келеді. Кез келген өндіріс орны бір орында тұрып қалмауы шарт. Үнемі қозғалыс, алға ұмтылу, жаңалықтарға құштарлық сияқты өрлеу болуы керек. Себебі, сенде даму болмаса, ешқашан кәсібің алға баспайды.  

Үздік тауарлар көрмесі биыл 11 рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушыларға қойылатын талап - халықаралық стандарттарға сай сапалы өнім шығару, сондай-ақ, тауар өңдеу ісінде жаңа технологияларды пайдалану. Сондай ерекшеліктерімен көрмеге қатысқандардың бірі синтез кз медициналық холдингі. Республикадағы  балалар мен үлкендерді  бейімдеу құрылғыларын жасайтын жалғыз мекеме. Холдинг басшысы бұдан да басқа құрылғыларымен таныстырып, болашақтағы  жоспарларымен бөлісті.

ИГОРЬ РЫБИН "SINTEZ-KZ" МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ перевод Биыл біз 2 бірдей құрылғы жасап шықтық, екеуі де денсаулық сақтау министрлігінде тіркеліп, пайдалануға рұқсат берілген. Мұндай құрылғы Қазақстанда әлі жоқ, тіпті ТМД төңірегінде де мұнымен ешкім таныс емес. СО2 деп аталады. Бұл газбен емдейтін құрылғы.

Алматы облысы тауар өндірушілерінің мұндай форумы,бірінші кезекте, аймақтағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өткізіледі. Осындай көрме мен байқаудың  арқасында кәсіпорындар облыс көлемінде ғана емес, республика мен шетелге де танылады. Өз  өнімдерін танытып, кәсібін өркендетуге мүмкіндік алады.  

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ перевод Облыста 40-қа жуық кәсіпорын тауарын экспортқа шығарады. 2016 жылды Экспорт-2020 бағдарламасы бойынша 9 кәсіпорынның тауар экспорттау үшін кеткен шығыны толық өтелді. Бүгінгі таңда облыстың өндіріс орындары әлемнің 42 еліне өз өнімдерін жеткізіп отыр. Бұл өңірдегі тауар сапасының бәсекеге қабілетті екенін айқындап отыр. Ал, мұндай көрменің өтуі облыстағы тауарлардың халықаралық стандарттарға толықтай сай екенін көрсетеді.

Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша, Халыққа арналған үздік тауар наминациясын   Әбді Ибрахим "Глобал фарм" кәсіпорны жеңіп алды. "Халық тұтынатын үздік тауар" аталымы бал шығаратын "Лепсі Өнімдері" серіктестігіне бұйырды. Ал, Жемчужина Семиречья қызмет көрсету ісінің үздігі  атанды. Жүгері өңдеумен айналысатын Жаркент крахмал сірне зауыты "Өңдеу бағытындағы үздік тауар иесі"  деп танылды. Айта кетейік, бұл өндіріс орны өткен жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында өнім өңдеу қуаттылығын арттырған болатын.   


Байқау жеңімпаздары тамыз айында Астанада өтетін республикалық кезеңге қатысатын болады. Облыстың тауар өндірушілері өз өнімдерін елімізде ғана емес, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында бүкіл әлемге таныстыруға мүмкіндік алып отыр.  Ербол Ілиясов Абзал Нүсіп Жетісу арнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.