"ORBULAK RACE" жарысы өтті

01 августа 2017
(1 Голосовать)

Талдықорғанда «Орбұлақ рейс» жарысы өтті.  Еуропадағы «Спартан рейс» сайысына ұқсас шараға Алматы облысының аудан қалаларынан 22 команда келіп қатысты. Олар 14 түрлі кедергісі бар 3 шақырымдық жолды жүгіріп өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған бәсекеден Жарқын Нұрланұлы баяндайды.

Жетісу жерінде экстрималды спорт жақсы дамып келеді. Әсіресе оған жастар құмар. Мәселен, «Орбұлақ рейс» жарысы былтыр да өткен. Сол кезде турнирге  19 команда қатысса биыл оның саны 22 ге жеткен. Олардың барлығы өз аймақтарында іріктеліп,  арнаулы дайындықтан өтіп келген. Арасында  жұмыссыз жастар да бар. Ұйымдастырушылар жарыс бағдарламасына туристік көпсайыстың бірнеше түрін қосқан.

БАҚТИЯР ЖАҚСЫГЕЛДИНОВ  "ЖАС ОТАН" ЖАСТАР ҚАТАНТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Былтырғы жылы Орбұлар рейс деп өткіздік. Бүкіл аудан қалалардағы маригинал жастар бар. Спортшы азаматтар бар.   Спортқа деген ынтасы бар азаматтар бар. Осы жарысқа қатысып отыр.

Әр команда 5 адамнан жасақталды. Сайыскерлер 3 шақырымнан тұратын 14 кедергіден неғұрлым жылдам жүгіріп өтуі тиіс. Кедергілер жолағы әр қилы. Мысалы, сайысқа қатысушылар 150 метр қашықтықтағы суда жүзді, ағаштан секірді.  Сонымен қатар арқан бойымен өрмелеп, батпақты кешті.   Қысқасы жарысқа қатысушылар тар жол тайғақ кешіп барып, мәреге жетті. Мұндай экстрималды туристік көпсайыста тек мықтының мықтысы ғана жеңіске жетеді,- дейді Мәди Досмұхамбетов. ММА ережесіз жекпе жектен Азия чемпионы өткен жылы командасымен бірге жеңімпаз атанған еді.

МӘДИ ДОСМҰХАМБЕТОВ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Өзім жақында болатын осы талдықорған қаласында жекпе-жектен азия чемпионаты болады. Соған дайындық ретінде осы жарысқа қатысып, салауатты өмір салтын насихаттап, артта келе жатқан жас ұрпаққа жақсы тәлім көрсетіп. Кедергілерге келетін болсақ былтырғыға қарағанда биыл күрделі. Өзгерістер көп. Екінің бірі бұл кезергілерден өте алмайды. Бұлған кәдімгідей дайындық керек.  

Жарыс қортындысына келер болсақ, бірінші орынды Талдықорғандық " БарБарс"  командасы жеңіп алды.  Олар барлық кедергілерден жылдам әрі сауатты өтіп, ұжымдағы 5 мүшесі түгел мәреге жетті.   Екінші орын Ақсу ауданынан келген жігіттерге бұйырды. Ал қола медал  "Сарқан жастарына" тиесілі.

Орбұлақ райс экстрималды туристік көпсайыс енді дәстүрлі түрде жылда өтпек.   Сонымен қатар келер жылы оның жағрапиясын кеңейтіп, Респубилкалық деңгейге жеткізу жоспарда бар.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.