ҚР Прокуратурасының құрылғанына 25 жыл

07 декабря 2016
(1 Голосовать)

Бүгін - елімізде Прокуратура органының құрылғанына 25 жыл толды. Бұл мерейлі дата Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты, бүгін облыстық прокуратурада салтанатты жиын өтіп, сала үздіктері марапатталды.

Мемлекеттің қуаты мен жауапкершілігі заңдылық пен тәртіпке негізделеді. Ал осы жауапты да абыройлы міндетті орындауда - прокуратура қызметкерлерінің орны ерен. Еліміздегі заңдылықтың қатаң сақталуына ықпал етіп келеді. Бүгінгі салтанатты жиында ҚР Бас прокуроры онлайн режимде байланысқа шығып, барлығын ширек ғасырлық мерейтоймен құттықтады.

Жиында құқық қорғау саласына еселі еңбек сіңірген бірнеше азамат құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапатталды. Ал, облыс прокуроры Ғабит Миразовқа Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгі табыс етілді. Сонымен қатар, бұл күні сала ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Оларға да сый-құрмет көрсетілді.

М. Берікқызы, Нұржан Мұқанов, ЖТ

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.