"Рухани жаңғыру және жас қаламгерлер!"

14 июня 2017
(1 Голосовать)

 Талдықорғандағы тіл сарайындағы басқосу осылай аталды. Аты айтып тұрғындай жиынға Алматы облысындағы жас ақын-жазушылар мен аға буын қаламгерлер қатысты. Талқыланған тақырып екеу. Әліпби реформасы және әдебиеттің хал-ахуалы. Жиын бағдарламасына сәйкес екі тақырып бойынша екі баяндама жасалды. Қаламгерлер қазақ әдебиетіндегі даму процесін жаман бағалаған жоқ. Басқаны айтпағанда Жетісу жерінде соңғы жылдары әдеби орта қалыптасып келеді. "Тамшыбұлақ" әдеби бірлестігіне топтасқан жастар арасынан болашақ  майталман қаламгерлер шығарына аға буын сенімді. Жергілікті билік тарапынан да әдебиетке қолдау жасалып отыр. Жақында ғана "Тау мен өзен жырлары" және "Жетісуға құйылған жырлар" атты Жетісу жазушыларының антологиясы облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шықты. Бұл кітапқа Алматы облысындағы 18 бен 45 жас аралығындағы 120 дан аса қаламгердің 500-ге жуық әңгіме, өлең, пьеса, хикаяттар мен балладалары топтастырылған. Бүгінгі жиында осы жинаққа енген шығармалар талқыланып, өлеңдер оқылды. Жетісулық жазушылар сонымен бірге латын әліпбиі туралы өз көзқарасын білдірді. Олардың ойынша қазіргі уақытта жаңа таңбаға көшу-көшпеу мәселесі талқыланбау керек. Президент стартегиялық жоспарға жазды, ол сөзсіз орындалады. Тек осы реформа барысында ұлт руханияты ұтылып қалмауын қадағалау қажет дейді.Олар латын қарпіне көшудің лингвистикалық, саяси себептерін жіпке тізіп, жетістіктерін айтты. Сонымен бірге үш тілді, екі қаріпті мемлекетке айналғанда өз тіліміздің деңгейін бүгінгіден де төмендетіп алмаймыз ба деген алаңдаушылығын да жеткізді.   

АЛМАТ ЖАЛҒАБАЙ - "ИСЛАМ КЗ" САЙТЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ
Латын қаріпіне көшіру тікелей реформа тікелей технологиямен байланысты болу керек. Мысалы Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония деңгейіндегі  ұлтты көргім келеді. Ол заман талабы. Сол үшін бізге латын қаріпі қажет.

 ЖҮКЕЛ ҚАМАЙҰЛЫ - АУДАРМАШЫ
Әдебиетші қауым ұдайы оқумен, күнделікті ізденумен өтемізғой.  Бір Абай жолын оқып алым мен осымен болдым демейді. Күнделікті шығып жатқан, әсіресе мына Тәуелсіздіктен кейінгі жастарымызды оқып, солармен танысып , солармен бірге аяқ алып жүру үшін бұл жастарға емес бұл қария біз қатарлыларғада керек.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.