Сүт безі обырының алдын алу

19 октября 2017
(1 Голосовать)

Сүт безі обырына қарсы тегін тексерілу мүмкіндігі. Облыстық саламатты өмір салтын ұстану орталығы "Денсаулық" акциясын өткізді. Дәрігерлер шаһар тұрғындарын  №1 емхана мен Өтенай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда қабылдап, жан-жақты кеңес берді. Шара 21-қазан - дүниежүзілік сүт безі обыры туралы ақпараттандыру күніне орай ұйымдастырылды.  

Әлемде онкологиялық аурулар - өлім-жітімнің негізгі себебі болып тұр. Әсіресе, сүт безі обырынан, 2015-ші жылдың өзінде 600 мың әйел көз жұмған.  Осы бір аты жаман аурудың алдын алу мақсатында, саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті "Денсаулық" акциясын қолға алып отыр.  

Қазір дәрігерлер Өтенай ауылының тұрғындарын елді мекендегі аумбулаторияда тексерістен өткізіп жатыр. Алдағы 2 күнде профилактикалық қабылдау жүргізіп, тегін кеңес береді. Невропотолог, хирург, маммолог пен онколог және эндокринолог пен кардиолог мамандарды бір орталықтан кездестіре алады.   

Акция аясында аурулардың алдын алу шаралары қаладағы барлық ауруханалар мен амбулаторияларда ұйымдастырылмақ. Осы орайда, алдағы бейсенбі және жұма күндері тұрғындар "Қайнар" емханасында тегін кеңкөлемді медициналық тексеруден өте алады.

ДУМАН АЛТЫНБЕКҰЛЫ, ДАМИР АНИТОВ, НҰРЖАН МҰҚАНОВ ЖТА

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.