Шағын футболдан жарыс басталды

12 апреля 2017
(0 голосов)

Бүгін Талдықорғанда екі бірдей футбол бәсекесі өтті. Оның бірі жасөспірімдердің облыстық біріншілігі болса екіншісі шағын футболдан жастар арасындағы қалалық турнир. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жарыс туралы Жарқын Нұрланұлы баяндайды.   

Болашақ стадионында өткен шағын футбол турниріне 8 команда қатысьты. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай спорттық шараның басты мақсаты жастарды спортқа тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Достық қарым-қатынасты нығайту болып есептеледі. Бұл турнир болғанмен аяқдопшылар алаңда барын салып, жеңіске жетуге тырысты. Мұндай жарыстар жыл бойы бірнеше мәрте өткізіліп дәстүрге айналдыру жоспарланған.  

БАҚТИЯР ЖАҚСЫГЕЛДИНОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бізден тыс қалып жатқан жастар бар.  Қаланың сыртындағы дачаларда жастар бар. Сол жастардың басын біріктіріп,   Еріктілерге алғаш рет басын қосып,    ойнатқыып жатырмыз. Клешекте осы еріктілер арқылы қаланың сыртындағы ауылдық округтердегі жастардын басын біріктіріп, солардың арасында турнир өткізіуді жоспарлап отымыз.

Ал Болашақ стадионының негізігі алаңында 11-12 жастағы балалар арасында облыс чемпионаты басталды. Оған Жетісу өңірінің аудан, қалаларынан 8 команда келген. Барлығының мақсаты жүлдегер атанып, Облыс құрамына кіріп, келер айда өтетін Қазақстан біріншілігінде өнер көрсету.

САҒЫНДЫҚ ҚАСЫМЖАНОВ ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
8-і поляда қақпашымен 9 адам ойнайды. Запаста отырған балалар қайтадан ойнауға кырып-ғығуға қықысы бар. Осындай кіші возрастан өткізіп отырған жарысымыз. Бұл жірінші жарысымыз. Олардың дайындығын көріп, кім чемпион болды. кім қандай орын алғандығы белгілі болады деп ойлаймыз.

Жарыс балалардын жас ерекшелігіне сай УЕФА стандарты бойынша өткізілді. Мәселен, алаң қысқарып, қақпа кішірейген. Ойыншылардың саны да 11 емес, 9ға азайған. Мамандардың айтуынша Талдықорған мен Қапшағай қалалары және Жамбыл  мен  Көксу ауданының командалары жақсы дайындықпен келген екен. Бұл біріншілік апта соңына дейін жалғасады. Сол кезде жүлдегерлер анықталып, облыстың жаңа құрама командасы жасақталады.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.