Суға түскенде абай бол!

14 июня 2017
(0 голосов)

Елімізде суға түсу маусымы басталды. Алайда, тұрғындардың көбі шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын ескере бермейтіні анық. Осы орайда, облыстық ТЖД-нің жедел құтқару жасағы мен өрт сөндірушілер жеке құрамының қызметкерлері қауіпсіздіктің алдын алу шарасын өткізді. Қала орталығында флэш-моб ұйымдастырып, ата-аналарға суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алғышарттары жазылған жадынамалар таратты. Айта, кету керек, жыл басынан бері облыстағы су қоймаларында 9 адам суға кеткен, олардың 4-і ата-аналардың бақылауынсыз қалған балалар. Мамандардың айтуынша, суға батқандардың 98 пайызы рұқсат етілмеген жерге шомылса,  70 пайызы спирттік ішімдіктердің салдарынан көз жұмады екен. Осындай келеңсіздіктерді ескерткен жеке құтқару жасағы Талдықорған іргесіндегі Балықты өзенінің жағасына да барды. Ендігі нысан жазғы демалыс маусымында алыс-жақын шетел мен Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналатын Алакөл мен Қапшағай сынды ірі көлдердегі қауіпсіздік шарасын күшейту дейді мамандар. 

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.