Талап талпыныс арттырады

04 мая 2017
(0 голосов)

Талдықорғанда абаттандыру жұмыстары қыза түсті. Осы бағытта атқарылып жатқан шаруаларды көру  үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары қаланы аралап шықты.  9-әскери қалашықтағы тұрғын үй  аулаларын аралаған Ләззат Тұрлашов жауапты тұлғаларға біраз сын-ескертпе айтты. Себебі, мұндағы абаттандыру істері дұрыс жүргізілмеген. Шашылып жатқан құрылыс материалдары, заңсыз орналасқан гараж, дүңгіршектер ықшам ауданның көркін бұзып тұр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары коммуналдық шаруашылық мекеме басшыларына бұларды ретке келтіруді тапсырды. Әрі берілген тапсырмалардың орындалуын тікелей өзі қадағалайтынын айтты.  Сонымен қатар жеке пәтер иелері кооперативтерінің жетекшілерін көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлуге шақырды. Қалалық әскери госпитель өздеріне тиесілі аумақты тазалауға жүрдім-бардым қараған. Ләззат Тұрлашов емдеу мекемесінің өкілдеріне ескерту жасап, әскери деген атқа лайықты болыңыздар,- деді.   

Тазалыққа қатысты қала билігінің атқаруға тиісті шаруалары әлі көп. Әсіресе, су жүретін сай-салаларды алдымен тазартуға тиіс. Тұрлашов бастаған жұмыс тобы шаһардағы көпқабатты үйлер аулаларында салынып жатқан ойын және спорттық алаңдарды көріп шықты. Құрылыс сапасына назар аударды. Сосын Талдықорғанның оңтүстік-батыс бөлігінде бой көтеріп келе жатқан салтанат сарайы, көрме кешені және театр құрылыстарының жағдайымен танысты. Мердігер мекеме өкілдерімен жобаға қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.