Тізе буын ауруларына ота жасау бойынша шеберлік сағаты өтті

04 мая 2017
(0 голосов)

Талдықорғандық тұрғындарға тізе мен жамбас сүйегін эндопротездеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жергілікті травмотолог дәрігерлерге жаңа әдісті меңгеруге Астана  қаласының травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының мамандары келді. Шеберлік сағаты Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада өтті. Медициналық мекеме ашылғалы оқыстан ауыр жарақат алып, сүйегін сындырған және кәрілікке байланысты аяғын жаза алмай қалған 200-ге жуық тұғынға тегін операция жасалды.  

Бұл Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімі. Мұнда науқастың тізе буыны ауыстырылып жатыр. Күрделі отаның ұзақтығы 2 сағат 40 минут. Наркоздың арқасында емделуші ешқандай ауырпалықты сезінбейді. Дәрігерлердің айтуынша, буын ауруы соңғы сатысында анықталса, тек қана ота жасап, жасанды буын орнату арқылы ғана науқасты аяққа тұрғызуға болады. Астана қаласынан келген  дәрігер Өмірбек Құлымқұлов жасап жатқан отаға аталған ауруханының травматолог дәрігерлері қатыстып,  Олар осылайша тәжірибе алмақ.

Алғашқы 7-8 күнді ауруханада өткізетін науқастар балдақпен жүріп, аяғын жаттықтырады. Кейін тиісті кеңестер  беріліп, үйіне шығарылады екен. Бірақ олар 2 айдан соң қайта келіп, екінші бейімдеу курсынан өтуі тиіс. Себебі адам ағзасы протезді қабылдамауы да мүмкін.


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жамбас пен тізе ауруы дүние жүзі бойынша жүрек-қантамыр дертінен кейінгі екінші орынға шыққан. Дәрігерлер бұл дерттің 50 мен 60 жас аралығындағы науқастарда жиі кездесетінін айтады. жалпы, елімізде жылына  5500 адамға осындай ота жасалынады.
Аяулым Сансызбаева, Эльвира Лекерова ЖА, Талдықорған

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.