Жаңа шипажай ашылды

01 августа 2017
(1 Голосовать)

Алматы облысындағы шипажайлардың саны тағы біреумен толықты.  Ұйғыр ауданында ашылған жаңа сауықтыру кешені аумағының үлкендігімен ерекшеленеді. Яғни,  30 гектар жерге орналасқан мекеме күніне 200 адамды қабылдауға қауқарлы.   Демалыс орыны әсіресе өкпе және жүрек аурулары бар азаматтар үшін таптырмас мекен. Шипажайдың басқа қандай артықшылықтары бар?

Шипажай орналасқан ғимарат 30 жылдан бері қаңырап бос тұрған. Кәсіпкер Стахан Белғожаев оны қайта жөндеуден өткізіп демалыс орнына айналдырып отыр. Атақты "Мойнақ" су электр станциясын салуға үлс қосқан азаматтың енді емдеу-сауықтыру саласын дамытуға кіріскеніне ел риза.

Шипажайды салуға облыстағы үздік сәулетшілер тартылған. Олар мекеме келбетін шығыс мәдениетіне сәйкестендірген. Бұл нысан шетелдегі демалыс орындарынан кем емес - дейді, қонақтар. Жер астынан тәнге шипа ыстық су шығып тұр. Минералды судың адам ағзасына пайдасы көп. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуіне және адам жасын ұзартуға ықпал етеді - дейді, мамандар.

ЕРЛАН АЙТЫМБЕТОВ
"ЖЕТІСУ" ШИПАЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
 Біздің шипажайымыз табиғи минералды суымен ерекшеленеді. Біздің демалыс орынында қысы жазы осындай минералды су болады. Оны тиімді пайдалану мақсатында біз медициналық қызметкерлермен келісімге отырып, әріптестік құратын боламыз. Мәселен, бұл душевой массаж деп аталады. Яғни, емделушілерге су арқылы массаж жасалады.

Шипажайында демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, мұнда 160 орынды қонақ үй бар. Сонымен қатар, люкс пен президенттік бөлме де қарастырылған. Медициналық орталық пен бассейн жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 2 гектарға голандиялық технологиямен жылыжай салынған. Оған көкөністер мен жеміс-жидек өсірлмек. Табиғи өнімді осында ем алғандардың тағамына пайдаланады.

ЕРЛАН АЙТЫМБЕТОВ
"ЖЕТІСУ" ШИПАЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
 Жылыжайда алма, алмұрт, қара өрік,  қызанақ және қияр өсірілетін болады. Тамшылап суару арқылы жүзеге асады. Голландиялық технологиямен қызы жазы өзімізді жеміс жидекпен қамтуды көздеп отырмыз.  

Емдеу мекемесі күніне 200 адамды қабылдай алады.  Демалушыларға 70-ке жуық адам қызмет көрсетеді. Жалпы,  Ұйғыр ауданында қазір 50 демалыс орыны салынып жатыр. Биыл оның 32-сі қолданысқа берілмек.


М. Берікқызы, Ғ.Қабдрахман, ЖТ,  Ұйғыр ауданы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.