Жалған ақша жасағандар ұсталды

09 июня 2017
(0 голосов)

Осы  жылдың 7 маусымында Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 5000-10000 теңгелік жалған ақша жасайтын астыртын цехтың жұмысын анықтады. Іле ауданында жүргізілген  іс-шаралар кезінде  жалған ақшамен сауда жасап жүрген топ ұсталған. Тексеріс барысында жалған170 000 теңге  және А-4 форматындағы арнайы қағазға басылған ақшаның купюролары табылды.Сонымен қатар,  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында да астыртын жұмыс жасайтын цех бар екені анықталды. Тінту жұмысының нәтижесінде түрлі түсті принтер, арнайы қағаз және басқа да құралдар таәркіленді. Ұсталғандар жалған ақшаны қала маңындағы дүкен мен жеміс-жидек сатушыларға өткізіп келген. Қазір, аталған  іс  бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 231 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, Алматы облысы МКД экономикалық тергеу қызметі азаматтарды жалған ақшаның жалған екенін анықтаған жағдайда  ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметіне хабарласуын сұрайды.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.