Жас балуандар жүлдемен оралды

03 августа 2017
(0 голосов)

Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатынан жүлдемен оралды. Тайландта еркін күрестен өткен құрлықтық бәсекеде жерлестеріміз 1 алтын 2 күміс және 3 қола медалды қоржынға салып қайтты.  Осылайша Жалпы командалық есепте біздің елдің саңлақтары Иран, Үндістан спортшыларынан кейінгі 3ші орынға тұрақтады.  Жүлдегерлер арасында жетісулық спортшылар да бар.

Тайландтағы жарысқа Алматы облысының 3 спортшысы қатысты.  Оның екеуі күміс медальдерін алды. Олар Еламан Қадірсейіт пен Акбар Курбанов.  Бұған дейін Қазақстанның 3 мәрте чемпионы атанған Агбарға  мамандар ертеден ерекше үміт артып еді.  Жетісу өңірінің тумасы 50 келі салмақта боз кілемде барын салды. Ол алдын ала-ала кездесуінде   қарсыластары Монғол, Үндістан, Жапон спортшыларын алыпта- шалыпта жығып, финалға сүрінбей жетті.

АКБАР КУРБАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
  финалда Оңтүстік Корея спортшысымен жолықтым. Өзімнің қателігімнен қарсыласыма есе жіберіп алдым. Бұл жарыс мен үшін сабақ болды. осы қателіктерімді келесі жолы қайталамай чемпион болуға тырысам

Бұл жеңіске жаттықтырушылар да дән риза. Шәкірттерінің алдағы жарыстарда да ел намысын аброймен қорғайды деп сенеді.  Қыркүйек айының басында Грекия астанасы Афинада  әлем біріншілігі жалауын көтермек. Елдің елдігі таразыға түсіп, ердің ерлігі сыналар бәсекеде жерлестеріміз жүлдегер болуға мүмкіндігі мол. Олар қазірден бастап, дүбірлі додағы дайындықты бастап кетті.

ЕРБОЛ ДҮКЕНБАЕВ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Алдыда бұларда әлем чемпионаты тұр.Екеуіне қатысуға мүмкіндік бар. Балуандарға біз келешекте өте үлкен үміт артып отырмыз.  Бұлар келешекте жастар, ересектер арасында өнер көрсетеді деп ойлап отырмыз.  

Жалпы жасөспірімдер арасындағы  Азия чемпонаттарында қазақстандық спортшылар жүлдесіз қайтып көрген. жоқ. Бұл жолы командалық есепте 3 орынға қол жеткізді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.