Жас өнертапқыштар квадратоптер құрастырды

21 апреля 2017
(0 голосов)

Пилотсыз басқарылатын тікұшақ! Талдықорғандық өнертапқыштар квадрокоптер құрастырып шықты. Құрылымы мен сипаты жағынан қолдан жасталған аппарат зауыт өнімінен еш кем емес. Әртүрлі техника үлгісін жасаумен бала кезден әуестенген Александр Дадочкин мен Андрей Ярмиловтар өздерінің хоббиін жүзеге асырғандарына қуанып отыр.


Жылдамдығы сағатына 40 км, биікке көтерілу мүмкіндігі - 600 метр және ұшу қашықтығы 1 шақырымға дейін. Оған қоса, бірыңғай GPS-навигация, бейнебақылау мен қашықтан басқару. Бұл 10 келі тартатын квадрокоптерді Андрей Ярмилов пен Александр Дадочкин бір айға жуық уақыта құрастырған. Айтуларынша, ешкімнің көмегіне жүгінбегентіктен, біраз қиындықтарға тап болған. Сондықтан, бұл ойлап тапқан өнер туындысын авторлар әлі де жетілдіру керек деп отыр. Алдағы уақытта қуаттылығы жоғары қозғалтқышпен жабдықталған пилотсыз басқарылатын құрылғы жасап шығаруға қауқарлары жететіндерін айтады.  

АЛЕКСАНДР ДАДОЧКИН ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ
Электроникаға бала кезден қызығушылық болды. Әр түрлі құрылғылар жинастырдық. Бірақ, үнемі осы жинаған заттарды тұрмыста пайдаланып көрмеппіз. Бір күні ғаламтордан квадрокоптерді пайдалану туралы нұсқаулықты көзім шалып қалды. Содан осы құрылғыны жасау туралы ой туды. Бұл техниканы жетілдіріп, пайдаға жаратқымыз келеді. Мәселен, егін шаруашылығында дәріні биіктен себуге пайдалансақ болады.

Мұндай аппаратты құрастыруға өнертапқыштар Даму кәсіпкерлікті дамыту қорының кәсіпті ашу мен оны қолдау туралы сабақтарына қатысқан соң кіріскен. Ары қарай өз істерін әртүрлі бағытта дамытуды көздеп отыр

АНДРЕЙ ЕРМИЛОВ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ
Кей бөлшектерді өзіміз жасаймыз, кейбірін Қытайдан алдыртамыз. Жалпы, өзімізге кәсіп ұнайды.  Болашақта жеке тапсырыстар бойынша құрастырып, сатсақ деген ой бар. Әуесқой квадрокоптерлер клубын ашсақ та болады.

Жас өнертапқыштардың айтуынша,  бүгінгі таңда  мұндай аппаратты 3-4 күнде-ақ құрастыруға болады. Әрі, олардың бағасы дүкендегі бағадан екі есе арзан. Ербол Ілиясов Дина Боранбаева Айдос Қалиев Жетісу телеарнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.