Жазғы мектеп жаңа медиаға арналды

01 августа 2017
(0 голосов)

Әлеуметтік желіні қалай қолдану керек? Ғаламтор көмегімен қоғамдық пікірді қалай қабыптастырады? Қатып қалған  стереотиптерді бұзу тәсілі нешік? Неліктен интернет жүйесінде қазақ тілді мәліметтер аз? Осы және өзге де мәселелер өткен демалыс күні, айдынды Алакөлдің жағасында талқыланды. Әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген саясаттанушы, блогер, журналистер "Blog Camp Алакөл" жазғы мектебінде бас қосты. Үздік медиалекторлардың дәрісін тыңдап, пікір алмасты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен шараға біздің тілші Мұқит Тоқтасын да қатысты.

 Отандық дәстүрлі және жаңа медиа мамандарына ортақ бір міндет бар. Ол елдің ақпараттық қауіпсіздігін күшейту, баспасөзін дамыту. Алакөл жағасында бас қосуға арысы Атырау мен Маңғыстау, берісі Алматы мен Астана, Өскемен, Шымкент және Талдықорғаннан келіп отыр. Арасында газет, радио, телеарналарда қызмет ететіндер мен ғаламторда ақпарат таратуды жақсы меңгерген блогерлер бар. Осы соңғы топ өкілдері айтады,- бүгінде жеке блог-платформасы бар блогерлер азайған. Бұл қазақ тілді контенттің дамуына кері әсерін тигізіп отыр.   

 БЭЛЛА ОРЫНБЕТОВА  БЛОГЕР Әр кім өз пікірін фейсбук әлеуметтік желілерінде ғана жазады. Бірақ мысалы фейсбукте сіз өте құнды, сапалы жақсы пікір жаздық делік. Бір айдан соң ол постыңызды ешкім таба алмайды. Іздеу жүйелерінен шықпайды. Ал блог-платформатқа жазатын болсаңыз, ол 100 жылдан соң да сіздің ақпаратыңыз сол жерде тұра береді. Қазақконтетті сонымен байыйды.

Бұл пікріді Айдос Сарым да қолдайды. Танымал Саясаттанушының айтуынша қазақконтенті орысшасына қарағанда 10 есе қалып қойған. Мұны ғаламтордағы іздеу жүйелерінің өзі көрсетіп отыр. Мәселен, "Гугл " сайтына  қазақша "Талдықорған" деген сөзді жазсаңыз 547 мың сілтеме шығады екен, ал қала атын орысша жазсаңыз 6,2 млн. сілтеме шыққан. Сондықтан, ақпарат тарату бар да, оның шеңберін де кеңейту бар. Осындай жайттарды әңгіме арқауы етіп Айдос Сарым арнайы дәріс жүргізді.

АЙДОС САРЫМ САЯСАТТАНУШЫ  Сіз қазақ тілінде қапарат шығарып, күнделікті салып жатқан күннің өзінде, тиісті жұмыс істемесең, ол әлемдік іздеу жүйелерінің назарына ілінбесе ол ақпарат жоқ деген сөз. Мысалы тас ғасырында да кейбір азаматтар үңгірге барып жануарлардың суреттерін салған. Тамғалы тас сияқты. Ол интернетке түспесе оны ешкім біле бермейтін еді.

Қазақ тілді сайттар әуелгіде ой бөлісетін, алуан түрлі тақырыптарды талдайтын алаң ретінде қалыптасқан. Бірақ бірте-бірте ақпараттық-сараптамалық материалдар беретін пәрменді күшке айналып келе жатыр. Көпшілік мұны мойындайды. Ал сөзбен, қаламмен, санамен жұмыс істейтін осы топ үшін Өркен Кенжебектің айтары бар. Ол қоғамдық стереотиптен арылу. Қалам ұстаған қауым үшін бұл өте маңызды,- дейді журналист-блогер.

ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК    ЖУРНАЛИСТ-БЛОГЕР  Ең басты машық ол-адамдарға дұрыс ойлауды үйрету. Дұрыс ойлатсаң, дұрыс жазасың, сосын басқаларға дұрыс жетеді. Сондықтан, біздің семинарлардың негізгі мақсаты адамның санасын тазарту. қоғамдық стереотиптен арылтып, жаңаша тәуелсіздіктің, мемлекетшілдікттің жаңаша стереотип қалыптастыруға тетіктерін беру.

Алакөл жазғы мектебіне келгендер үшін медиаторлар мен пиар мамандары да шеберлік дәрісін өткізді. Мәселен, Әлішер Елікбаев әлеуметтік желіні тиімді пайдалану тақырыбында жан-жақты мағлұмат берді. БАҚ өкілдерін жан-жақты болуға шақырды. Осылайша алыс-жақыннан жиылғандар екі күн бойы білімдерін шыңдады, бір жағынан айдынды Алакөлдің шипалы суына шомылып, күніне қыздырынып бой сергітті.



Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.