Жеңісті күндер

01 августа 2017
(0 голосов)

Сүйінші жаңалық. Катмандуда өткен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан азия біріншілігінен отандастарымыз олжалы оралды. Оның ішінде қос бірдей жетісулық бар. Жеңіс тұғырынан жиі көрініп жүрген Текелі қаласының тумасы Анатолий Савельев бұл жолы да қарсылас шыдатпады. 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Савельев қос сайыс қорытындысы бойынша 280 келіні көтеріп, алтыннан алқа тақыты. Ол осы жылы Бангкокте  өткен әлем біріншілігінің де жеңімпазы атанған болатын. Ал Талдықорғандық 17 жастағы Гүлжан Құмарбекова қола жүлдені иеленді. Ол 75 келі жоғары салмақ бойынша сынға түсті. Гүлжан жұлқа көтеруден 119 және серпе көтеруден 87 килограммды көтерді. Елге жеңіспен оралған жас атлеттерді алматы әужайынан бір топ жанкүйер қарсы алды.  Мамандардың айтуынша, Қазақстанның ауыр атлеттерінің мықтылығын  әлем мойындап қойған. Мына жастардың жетістігі де Анатолий Храпатый мен Илья Илиннің ізбасарлары көп екенін көрсетті дейді.

 АНАТОЛИЙ САВЕЛЬЕВ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Мен ең алдымен ұстазым, бапкерім Алексей Иванұлына алғыс айтамын. Осы жарысқа ол мені жатпай-тұрмай дайындады. Ата-анама да рақмет.Енді алда уақытта жақсылап жаттығып, әлем чемпионы және болашақта олимпияда чемпионы болуға тырысамын.


 ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА     АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Осы жолы азияға барып үшінші орын алдым. ол оңайға  түскен жоқ. қарсыластарым мықты болды. бірақ өзіме сенімді болдым.  Болашақата ары қарай жаттығулар жасап тағы көп-көп жарыстарға барып жеңіп, қазақстанның атын шығарғым келеді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.