Жекпе-жектен Азия чемпионаты басталды

06 ноября 2017
(0 голосов)

Талдықорғанда Жекпе-жектен Азия чемпионаты басталды. Бұл жарыс жастармен ерлер арасында ұйымдастырылып отыр. Құрылықтық бәсекеге  100 ден аса спортшы қатысып жатыр.   

Азия чемпионатына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан мен  еліміздің кіл мықтылары жиналды. Спортшылар бұл  жарыста барын салып өнер көрсетпек. Өйткені, жеңімпаздар халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып қоймай, әлем біріншілігіне жолдама алады. Құрылықтық бәсекенің бас жүлдесінен үміткерлердің бірі  Айбол Ахметов. Ел біріншілігінің  3 мәрте жүлдегері жеңіс тұғырынан көрінсем дейді.  


Жекпе-жек өнерінде  боксшылардай  ұрып, балуандар сияқты күресіп,   каратэшілердей тебуге болады. Сондықтан да жекпе жекпен  шұғылданғандар осы спорт түрлерін  жетік  меңгеруі керек.  

Чемпионат бағдарламасына жастармен ерлер өзара екі топқа бөлініп, 5 салмақ бойынша мықтыларын анықтайтын болады. Бұл жарысқа Өзбекстан мен Қырғыз елі бірінші нөмірлі спортшыларын үкілеп қосыпты.  Сондықтанда мамандар оларды бас жүлдеге үміткер деп атап отыр. Дегенмен, Қазақстан жағынан Алматы облысының жігіттері де намысты қолдан бермеспіз дейді

Бұл жарыс ертең мәресіне жетеді.  Оның қортындысы бойынша  Еліміздің жаңа құрама командасы жасақталатын болады.  Олар Атырауда әлемнің ең үздік спортшыларымен бақ сынасады.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.