«Жетісу бөрісі» түйе балуандар сайысы өтті

21 апреля 2017
(1 Голосовать)

Қазақстан Барысы атанудан басты үміткер балуандар Жетісу өңірінде де бар. Жауырыны жерге тимеген мықтылар Астанаға жол ашар жолдамаға таласты. Бүгін Талдықорғанда қазақ күресінен Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Жетісу бөрісі» түйе балуандар сайысы өтті. Аймағымыздың түкпір-түкпірінен іріктеліп келген нар балуандардың бүгінгі әр белдесуі өте қызықты әрі тартысты болды.

«Жетісу бөрісі» турниріне барлығы 38 балуан қатысты. Оның әр қайсысы өз өңірлерінде өткен іріктеу жарыстарының жеңімпазы. Осыдан 7  жыл бұрын  бастау алған түйе балуандардың бұл жолғы сайысы да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бас жүлдеге автокөлік тігілді.

ӘЛІМҒАЗЫ РАЙЫМБЕКОВ СПОРТ АРДАГЕРІ, АКТЕР
Қазақ халқының ата-баба дәстүрімен келе жатқан бөлінбеген еншісінің біреуі қазақ күресі.  Қазақ күресінсіз өмір сүрген жоқ. Олимпиада ойындарына қосамызба деген ойымыз бар. Сондықтан осындай халықаралық деңгейге жетті.

Жастар спорт сарайында жайылған боз кілемге шыққандар есімі көпшілікке танымал. Олардың қай-қайсысы болмасын күрес түрлерінен талай ірі жарыстарға қатысып, әлемдік ареналарда топ жарып жүргендер. Олар ең алдымен жеребе тартып, қарсыластарын анықтады.    

ЕРЛАН ТӘЖІКОВ ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Ең үлкен салмақтағы балуан 145 кг балуандар. ең азы 90 кг. 3 түрден спорт шеберлері де бар. Дзюдо күресінен самбо күресінен, қазақ күресінен.   Күш атасына қарамайды дейді. Күресе береді.

Спортшылар сайыс алаңында өзіндік айла тәсілдерін қолданып, қарсыласын жылдам жеңуге тырысты.  Алдын -ала кездесулердің бәрінде үздік шыққан талдықорғандық балуандар Александр Касачев пен Ұлан Рысқұл финалдық бәсекеде б елдесті. Бұдан бұрын аймақтық іріктеу турнирінде жеңіске жеткен Касачев бұл жолы да барын салды. Ол шешуші кезеңде басты қарсыласын таза жеңіп, спорттық мәнсабында екінші рет «Жетісу бөрісі» атанды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Александр Касачевтің беліне алтын белдік байлап, автокөлік кілтін тапсырды.

АЛЕКСАНДР КАСАЧЕВ "ЖЕТІСУ БӨРІСІ" ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
 Жеңіске жетуіме бірден бір себепші, жеребенің маған жолдас болуы. Турнирдағы мықты балуандардың барлығы екінші топта күресті. Сондықтан финалға тың күшіммен шықтым. Басты қарсыласым Ұлан Рысқұл болса  финалға дейінгі кездесулерінде күшін сарқып алды. Осының арқасында оны жеңіп кеттім. Өткен жылы финалда Ұланнан ұтылып қалған болатынмын. Бұл спорт  

Күміс медалды иеленген Ұлан Рысқұлға 500 мың теңге, ал, 3-ші орын алған  Қарасай ауданының балуаны Асқар Түреқұловқа 300 мың теңгенінің сертификаты табыс етілді. Енді Александр Касачев пен Ұлан Рысқұл шілде айында Астанада өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде Жетісу өңірі намысын қорғайтын болады.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.