Жол құрылысына қатысты жиын

03 июля 2017
(0 голосов)

Алматы Талдықорған бағытындағы тас жол бойында орналасқан  Бақтыбай ауылының тұрғындарына жергілікті билік өкілдері республикалық маңызы бар магистральдің құрылысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналыс өткізді.

Бұл Алматы-Талдықорған бағытындағы республикалық тасжолдың Бақтыбай ауылы арқылы өтетін бөлігі. Республикалық маңызға ие күре жолдың 1.5 шақырымы ауылдағы 60 қа жуық  жер үйдің ауласының алдымен  өтеді. Қазіргі таңда аталған жолда қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қонаев көшесінің біраз тұрғыны аталған бөліктегі жол жөндеу жұмыстарына наразы.

ӘЛИША САЙДІЛДИНА БАҚТЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Салық төлейтін уақыт келді. Менің мәгәзинім жабық тұр, құрылыс жүріп жатыр.

 Ауыл тұрғындары  осыған дейін де қайта жөндеу жұмыстарына бөгет жасап, құрылысты тоқтатуға әрекеттенген болатын. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін жергілікті билік өкілдері бүгін жиын өткізіп,  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚАДІРЖАН ИСАТАЕВ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ перевод Кез келген жиын немесе наразылық шаралары заңды түрде жүзеге асыуы керек. Сіздер алдымен жазбаша түрде жергілікті атқарушы билікке өтініш білдірулеріңіз шарт. Олай болмаған жағдайда, кез келген әрекеттеріңіз заңсыз деп саналады. Тіпті, жауапқа тартылуыңыз мүмкін.  Бүгінгі жиналуымыздың себебі - сіздердің өтініштеріңізді тыңдап, талқылап заңға қайшы келмейтіндей нақты шешімге келу.

Бас жоспарға сай аталған  автомагистральдің ені 15 метр,  жаяу жүргіншілер жолын қосқанда 18 метрге ұзармақ.

Сөз жоқ. Салынып жатқан жол керемет. Сапасы жоғары. Алайда, біздің қауіпсіздігімізге кім жауап береді. Екі адым аттасың жол тұр.

Жол  салу барысында  дыбыс жұтатын жаңа төсеніштер төселіп, соңғы технологиялар қолданылады. Сондай-ақ, жол жиегіне қауіпсіздік қорғандары орнатылады. Тұрғындардың қалауындағы өзгерістерді енгізу жергілікті биліктің құзырында емес. Жолға қатысты бас жоспарға сараптама жүргізіп, оны бекіткен республикалық комиссия өкілдері.

НҰРХАТ АҚЫЛТАЕВ "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ перевод Ешқандай жоба халықтың келісімінсіз мақұлданбайды. 2015 жылы қараша айында сіздердің қатысуларыңызбен жиын өтті. Ол жерде аталған көшеден республикалық маңызы бар тас жол өтетіні сіздерге ескертілді. Сіздер қол қойып, келісім бердіңіздер. Енді неге білмегендей болып отырсыздар. Қазір естеріңізге түсіп мойындап отырсыздар.

Бүгінгі жиында қос тарап та нақты шешімге келе алған жоқ.  Деседе,  басқосуда көтерілген мәселеге қатысты хаттама толтырылып, арыз шағымдар тізімге енді. Ал, дүйсенбіде Астандан келетін жолаушылар көлігі комитетінің мамандары наразы халықпен қайта бас қосып, үлкен жиын өткізбек. Ербол Ілиясов Ғабит Қабдірахманов Жетісу арнасы Ескелді ауданынан

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.