Жолдау жүгі жауапты

01 февраля 2017
(0 голосов)

Жолдау мән-мазмұнымен қуана танысып, қуаттап жатқандар қатарында -Жетісулықтар бар.  Олар бүгін алғашқылардың бірі болып, әкімдікте актив өткізді.  Жолдауды қызу талқылады. Негізгі баяндаманы облыс әкімі Амандық Баталов жасап, құжаттың стратегиялық маңызын түсіндірді. Аясында Алматы облысында атқарылуы тиіс мақсат-міндеттерді белгіледі.  

Қазақстан халқы әр Жолдауды асыға күтері анық. Әрбірінің жақсы жаңалығы көп. Әрі, дәстүрлі. Биылғысы -20-шы Жолдау. Ең біріншісін 1997 жылы Алматыда, одан кейінгілерін 1998 жылдан бастап, Астанадан жариялап келеді. Биылғысы ерек. Қазақстанның үшінші мәрте жаңғыртуға арналған. Жыл да ерекше. 2017 - Қазақстан БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің  тұрақты емес мүшелігін бастады. Әлемдік Универсиаданың алауын жағып тастады. Ендігісі- ЭКСПО. Мемлекеттік басқару да басқа құрылымға өткелі жатыр. "Елбасы сарабдал саясаткер, ұстанымы жүйелі жоспарымен жасампаз",-дейді Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов.          

Біріншісі - экономиканы жедел түрде технологиялық модернизациялау. Үкімет "Сандық Қазақстан" жобасын жасауға тапсырма алды. Қосымша дәстүрлі базалық салалар дамуына серпін беру. Бұл - өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, транспорт, логистика, құрылыс. 1 -қыркүйекке Үкімет әкімдер мен бизнестің бірегей экспорттық стратегиясын құруы шарт. Екіншісі - бизнес ортаны кеңіту, түбегейлі жақсарту. 2050- жылға ішкі жалпы өнімде шағын және орта бизнес үлесін 50 пайызға жеткізу. Үшінші- амкроэкономикалық тұрақтылық. Төртінші - адами капитал сапасын жақсарту. Бесінші -институционладық құрылымдаулар, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес. Жолдауда бүгінгі дамуымызға қажетті алғышарттың бәрі қамтылған ,- дейді облыс әкімі. Баяндамасын мұқият тыңдаған Алакөлдік  Қанатхан Нүсіпов те дәл сондай пікірде.    

  Жолдауда Елбасы еңбек өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық өнімдерін субсидиялаудан сақтандыру үрдісіне көшу, жер пайдалану тиімділігін арттыру сынды талаптар қойыпты. Амандық Баталовтың айтуынша, бұл міндеттерді орындауға Алматы облысында іргетас әлдеқашан қаланып қойған. Мәселен, тек ирригациялық жүйелерді қайта қалпына келтіру есебінен әкімдік 2020- жылға дейін 126 мың гектар жерді айналымға қоспақшы. Жалпы, жарыссөзге шыққандар да жаңа Жолдау жүктеген міндеттерді орындауда Жетісулықтар әдеттегідей көш басында боларына сенімді екендіктерін айтуда.      

 Жаңа Жолдау міндеттері -  Темірқазық іспетті. Жетісулықтар бетке ұстап, береке-бірлікпен орындауға сөз байласып тарқады. Ал, құжатты насихаттау жұмыстары 1-ақпаннан 26 ақпан аралығына белгіленді.
Г.Мақұлжанова, Ж.Шынкенже, А.Нүсіпов, "Жетісу" телеарнасы.           


Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.