Жетісулық жастар Польшада білім алады

Бүгін талдықорғандық 17 жас Польшаға оқуға кетті. Қатарында колледж студенттері мен мектеп оқушылары бар. Енді олар Польшаның Люблинск қаласындағы экономика және инновация жоғары мектебінде  үш жарым жыл білім алып, облысқа келіп жұмыс істейтін болады. Жалпы, бұл облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған алғашқы жоба.

Польшаның Люблинск қаласындағы экономика және инновация жоғары мектебіне білім алуға  11 сынып оқитын 8 оқушы мен 9 колледж студенті кетті. Онда олар қазір елімізге қажетті  экономист, менеджмент және медбике мамандықтарын меңгереді.  Сонда бара жатқандардың бірі - Арайлым Аманжолқызы. Ол бұл жоба туралы әлеуметтік желі арқылы білген. Айтуынша, оған қатысу оңай емес. Мәселен, ол бірнеше кезеңдік емтихан тапсырған.      

АРАЙЛЫМ АМАНЖОЛҚЫЗЫ
- емтиханды ағылшын тілінен тапсырдық. Қиынға түсті. Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығынан білдім.   

Жетісулық жастар үшін Польшада білім алу тегін. Студенттер қосымша шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Бұл облыс әкімдігі мен Польша делегациясы арасындағы меморандумның нәтижесі. Естеріңізге сала кетейік, 31 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев осы елге іссапармен барып, келісімге қол қойған еді.

АЙДЫН НҰРМҰХАМБЕТОВ
ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
-Бұл облыс бойынша алғаш рет қолға алынған жоба.

СӘУЛЕ ШҮКЕНОВА
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
-Мына жобаның маңызы зор. Мәселен, медиуина мамандары тапшы.

Жалпы, бұл Польшаға білім алуға кеткендердің бірінші легі - дейді, ұйымдастырушылар. олар алдағы уақытта да бұл жоба жалғасатынын айтады.

М. Берікқызы, Жасұлан Шыңкенже, ЖТ, Талдықорған  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.