Ақын Сараның суреттері елге оралды

14 августа 2017
(0 голосов)

Келер жылы ақын - Сара Тастанбекқызының туғанына 140 жыл толады. Торқалы той қарсаңында Мәскеуде қазақтың ақын қызы бейнеленген 12 туынды табылды. Картиналарды осыдан 50 жыл бұрын  ресейлік суретші Маргарита Ващенко салған екен. Ал, оны суретшінің қызы күні бүгінге дейін көздің қарашығындай сақтап келген. Күллі қазақ үшін қымбат дүниені Гелия Тимофеева Алматы облысынан барған делегацияға аманаттап тапсырды. Шоқан Уәлиханов пен Шәкәрім Құдайберұлының шағын мүсіндерін де қоса берді. Естеріңізге сала кетейік, Маргарита Ващенко 1960 жылдары Талдықорған облысының бас сәулетшісі болған. Сол жылдары қазақтың  көптеген танымал тұлғалардың бейнелерін картина бетіне түсірген екен. Жетісу жеріне келген тарихи туындылар енді ақынның туған жеріндегі мұражайда сақталмақ.


ОРАЛБЕК ЖАҚИЯНОВ
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Біздің осы Талдықорғанда Маргарита Ващенко деген орыстың суретшісі жұмыс істеген. Бас сәулетші болып. Сол кісі өзінің өмірінің бір талайын осы Ақын Сараның мүсінін дайындағанға, суреттерін салғанға арнаған. Мына бүгінгі алып келгендерінің ішінде  сол кездегі жазған хаттары да бар.


Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.