«Алакөл алаулары» жайдарман фестивалі өтті

14 августа 2017
(0 голосов)

Алакөлдің туристік әлеуетін арттыру үшін Алматы облысының әкімдігі қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Демалыс орнындарының инфрақұрылымы реттеліп, сапаржай жаңартылып, жағажай дұрысталғалы жарнамалық шараларға да басымдық беріліп келеді. Өткен айда көл жағасында блогерлер басқосуы болып еді енді көңілділер мен тапқырлар сайысы өтті. «Алакөл алаулары» атты республикалық жазғы жайдарман  фестивалін көріп келген тілшіміз баяндайды.

Бұл көрермендердің ерекше қошеметіне бөленген "Тәтті" құрамасы". Алакөл алаулары республикалық фестивальының биылғы ең жас қатысушысы. Алғаш рет тәжірбиелі ойыншылармен сынға түсіп отыр.  11 мен 12 жас аралығындағы өрендер Алматы қаласындағы №182 мектептің оқушылары. Республикалық "Жайдарлы жасұлан" ойындарының екі дүркін чемпиондары.



МАХАМБЕТ МЫРЗА - "ТӘТТІ" ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Біздің көңіл-күйіміз өте тамаша. Бізді Алакөлдің қонақжай халқы керемет қарсы алды. Бүгінгі ойынды жақсы ойнап шықтық. Енді нәтижені күтеміз. Алакөл бізге өте қатты ұнайды. КОмандамызбен осы Алакөлге келгенімізге қуаныштымыз.  Кім чемпион - ТӘТТІ.

12 тамыз халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған "Алакөл алаулары" ойындары осымен төртінші рет өтіп отыр. барлығы 10 команда қатысты. Араларында Семей, Алматы мен Жетісайдан келген ойыншылардың әзілдері көрерменді күлкіге кенелтті. Көл жағасына жұрт көп жиналды.

ГҮЛМИРА ТАШЕНОВА - АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біз Астана қаласынан келгенбіз демалуға.  Жайдарман жақсы өтіп жатыр. Бізге өте Тәтті командасы ұнады. Жолдары болсын. Қазақтың осындай балдары өркендеп өсе берсін.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуге тырысқан қыз-жігіттердің өнері көрермендерді тәнті етті. Ұйымдастырушылар ішкі туризмді дамытып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған.

БАҚТИЯР ЖАҚСЫГЕЛДИНОВ
ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Алакөл ауданының көлін таныстыру бір жағыанан. Екінші жағынан өзіміздің Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласы аясында бұл жерде әзіл арқылы көптеген мәселерді халық арасында жеткізу. Келіп отырған блоггер азаматтардың айтып отырған қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі сауаттылықты арттыру, сауатты жазу.

ЕСЕН ЕЛЕУКЕН ҚАЗАҚСТАН КВН ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Мүмкін болса осы Алакөлдің жанына жазғы сахна дайындаса. Себебі келушілер көп, әр аптаның демалыс күндеріне ыңғайлап небір концерттік бағдарламар қоятын болса, бұл да туристтерді шақыртудың бірден-бір жолы болар еді. Осындай елді мекендерді көріп жүрген азамат есебінде және патриот азамат есебінде айтып отырмын.  

Айдынды Алакөл жағасында шабыттанған жастар жергілікті тұрғындар мен келген қонақтардың көңілін бір сергітіп тастады. Күлкі додасында "Жетісайлық" жайдарманшылар дараланып фестиваль кубогын жеңіп алды.

Кеш соңы алау жанында жалғасты. Шараға қатысушылар мен қонақтар емін-еркін әңгімелесіп, ойларын ортаға салды. ПРезиденттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын талқылап, ел мен жер, болашақ қазақстан туралы өз ойларын айтты.

Аяулым Сансызбева, Абзал Нүсіп, ЖА Алакөл ауданынан.  

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.