Ашық аспан астындағы кітапхана.

16 августа 2017
(0 голосов)

 Облыстық кітапхана қызметкерлері бір күн бойы оқырмандарға далада қызмет көрсетті. Ал, қала тұрғындары таза ауада кітап оқып, рухани қуат алғандарына риза.  Бұл шаранаы өткізудегі мақсат - оқырмандар белсенділігін арттыру дейді ұйымдастырушылар.

Айнұр Иманбаева - Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың тұрақты оқырманы. Күнделікті тірліктен қолы қалт ете қалса, осы жерден табылады. Тыныштықта отырып, сүйікті шығармаларын оқиды. Рухани азық алады. Көбіне көркем әдебиетті оқығанды жаны қалайтынын айтады. Әрі ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға дән риза.  

АЙНҰР ИМАНБАЕВА - ОҚЫРМАН
Ауа райының да бүгін сондай қолайлы боп тұр. Далада, таза ауада отырып оқығанға. Және де бүгін ашық қор өзіңіз ұнатқан кітапты алып, кітапханаға келіп оқығаныңызға өте тиімді.  

"Ашық аспан астындағы кітапхана". Облыстық кітапхана қызметкерлері оқырманға қолайлы жағдай туғызу үшін, осындай акция ұйымдастырып отыр. Бір күн бойы ең үздік классикалық туындылар мен газет-журналдар даладағы сөреде әдемі тізбектеліп тұрды. Ал, кітап оқығысы келгендер өзіне қажетін таңдап алып, таза ауада отырып оқыды. Айта кетейік, бұл шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

БАҚТЫЛЫ ЖҰМАБЕКОВА - С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 
Бүгін өзі бірінші рет болғандықтан, бұның ары қарай қорытындысына қарап отырып, бүгінгі келіп жатқан оқырмандардың санын қараймыз, қызығушылық танытып жатса, оқырмандар онда біз ары қарай ұйымдастыра береміз осы акцияны.

Облыстық кітапхананың 13 мың тұрақты оқырманы бар. Мұндағы кітаптар саны 163 мыңнан асады. Тұрғындардың талап-тілегіне қарай, кітапхана қоры да жыл сайын толықтырылып, жаңартылып отырады. Жергілікті әкімдіктің де қолдауы әжептәуір. Мәселен, бірінші жартыжылдықтың өзінде өңіріміздегі 39 ақын-жазушының кітабы жарық көрген. Акцияны ұйымдастырушылар бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.