Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!

10 октября 2017
(0 голосов)

Талдықорғанда осындай атаумен  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік әрі спорттық-сауықтыру ойындары өтті. Қала әкімдігі мен спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға шаһардағы 100-ден астам тілі мүкіс, зағиптар мен арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Оларға мерекелік концерт ұсынылып, саябақ маңайында арнайы пісірілген ыстық бауырсақ тегін таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылда өткізілетін  мұндай игі істің негізгі мақсаты мүгедектерге қоғам назарын аудару, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Шара соңы мүмкіндігі шектеулілер арасындағы спорттық жарыстарға ұласты. Жиналғандар тоғызқұмалақ, шашки және шахмат сынды спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Жалпы Талдықорғанда бүгінгі таңда 6200-ден астам мүгедек бар.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.