Фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

09 августа 2017
(0 голосов)

Көксу ауданында "Туған жер" бағдарламасы аясында салынған фельдшерлік-акушерлік пункт бүгін қолданысқа берілді. Жаңа ғимратттың құрылысына 80 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Медициналық пукнт енді 1200 тұрғынға алғашқы көмек көрсететін болады. Мекеме күніне 30 адамды қабылдауға қауқарлы.

Көксу ауданы, Теректі ауылының тұрғындары үшін бұл күн - шаттыққа толы күн. Ауыл тұрғындары талай жыл арман еткен, медициналық пункт есігін айқара ашты. Теректіде 1200ден аса халық тұрады. Осыған дейін басы ауырып, балтыры сыздай қалса, аудандық емханаға қарай сабылатын. Енді қиындықтың бәрі артта қалды. Жаңа ашылған фельдшерлік-акушерлік пункт күніне 30 адамды қабылдай алады. Онда емделушілерге фельдшер, акушер және бала медбикесі қызмет көрсетпек.

Жалпы, 10 кабинетпен жарақаттандырылған. Бұл жерде фельдшер кабинеті, акушерлік кабинет, екпе кабинеті, сосын дәрігерге дейін қарау кабинеті бар. Фельдшерлік-акушерлік пункт осы аудан тұрғындарына, солардың игіліктеріне қызмет етеді деп сенеміз.

Дәрігерлік пунктің ашылғанына қуанғандардың бірі Шахгусейн Гусейнов. Жас келіп, қан қысымы жиі мазалағандықтан, дәрігер көмегіне жиі жүгінеді. Жалпы, науқас адам үшін аудан орталығына күнделікті барудың өзі де оңай емес, - дейді ол. Әрі жаңа нысан салу қажеттігі туралы мәселе осыдан 13 жыл бұрын көтерілгенін айтады. Осы аралықта аудандық мәслихаттың депутаты бола тұра, талай есікті қаққан екен.

Совет кезінде болған мында мед пункт кішкентай бір барак болған. Менің туған жерім ғой. Барлығы көзімде өтті. Содан соң ар жақта біреу болды. Сосын совет тараған соң ол да жабылды.Бұндай фельдшерлік-акушерлік пункт болмаған. Әрине бүгінгі шара біз үшін қуанышты шара. Себебі, ауылда көп зейнеткер бар, аудан орталығы алыста. Кейбір кезде автобус жүрмейді. Кейбіреуінің шамасы келмейді. Ал, бұл істегелі келеді мұнда. Дәрігер жазған дәрілерін алады, укол салғызады. Рахат бір кішкене демалып қайтады.

Фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Жаңа ғимаратты салу үшін жергілікті бюджеттен 80 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Ғимараттың сәулеті де келісті. Ішінде қажет құрал-жабдықтың барлығы бар. Жалпы, ауданда халық денсаулығын бақылауда ұстау үшін қолдан келген барлық шаруа жасалып жатыр. Соңғы 5 жылда өңірде 3 емдеу мекемесі бөй көтерсе, екеуі күрделі жөндеуден өткен.
Айман Асыл Ғабит Қабдархман Жетісу арнасы Көксу ауданынан

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.