"Qaz talks" - ашық әңгіме алаңы

04 августа 2017
(0 голосов)

 Елімізде осындай атаумен жаңа жоба қолға алынды. Түрлі тақырыптарды талдайтын алғашқы еркін форматтағы жиын Талдықорғанда өтті. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған шараға қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қатарында А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, белгілі тележүргізуші, "Жетісу" теларанасының бас директоры Бейсен Құранбек, танымал журналист Есболат Айдабосын және "Астана" қаржы қорының атқарушы директоры Саясат Нұрбек бар. Олар Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру бойынша ойларымен бөлісті. Нақты дәлелдер келтіріп, жобаның мән-маңызын түсіндірді.

Қоғамда ұлттық сана мен құндылықтарды қалыптастыру,оны дамыту аса маңызды. Қоғам белсенділері оны Отбасы мен жақындарынан бастау керектігін айтады.  Айтып өтсек, мұндай ерекше басқосу  орталық коммуникациялар қызмететінің бастамасымен ұйымдастырылды.  Мамандарының айтуынша, мұндай кездесу алдағы уақытта өзге де аудан-қалаларда өтеді.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.