"Рухани керуен" - Жаркентке келді

05 октября 2017
(0 голосов)

"Рухани керуен" жобасымен жолға шыққандар атбасын Панфилов ауданына тіреді. Аудан активімен кездесіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды.  Жалпы керуен сапарындағы бұл жетінші аудан.  Рухани керуен аясында құрылған жұмыс тобымен біздің түсірілім тобы барып қайтқан болатын.
Ескерткіш елдіктің белгісі. Керуен кезекті сапарын Панфилов ауданындағы Желтоқсан құрбандары Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асанованың ескерткіштерге гүл шоқтарын қоюмен бастады. Еске алып бір минуттық үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру: ел ертеңінің бастауы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен сұхбат жүргізілді.

Рухани керуен құрамында дінтанушылар, еңбек, қоғам қайреткерлері, өнер ұжымы, жастар саясаты басқармасы мен БАҚ өкілдері бар. Жаркент гуманитарлық техникалық колледжінің мәжіліс залында аудан активімен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарлары түсіндірілді. Әлемде орын алып отырған діни алауыздықтың алдын алу, жастарды теріс ағымдардың арбауынан сақтау мәселесін талқылады.

Облыстан барған зиялы қауым өкілдері жергілкті ардагерлермен, жастармен, мешіт жамағатымен, әйелдер жамағатымен де кездесулер өткізді. «Денсаулық - болашақ кепілі!» тақырыбында сұқбаттасты.

 Керуен кезекті сапарын Ұйғыр мен Райымбек аудандарында жалғастырады. Жалпы облыс бойынша барлық аудандарды қараша айының соңына дейін қамтиды.

Аяулым Сансызбаева, Қайрат Қазтұрғанов. ЖА Панфилов ауданынан.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.