Өңіріміздегі ҮЕҰ-дар жер жаннаты Жетісудің туризмін дамытуға атсалысып отыр. Соның бірі — Жетісу географиялық қауымдастығы. Былтыр жергілікті активтер мен жастардың бастамасымен құрылған қауымдастық бүгін бірнеше журналистер мен блогерлерді мүшелікке қабылдап, жұмыс жоспарымен бөлісті. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іс бастаған ұйым, былтыр Қасиетті Қазақстан жобасы аясында 4 блог-тур өткізген. Биыл да 2 үлкен жобаны қолға алды. Сондай-ақ халықаралық экспедиция жасау шеңберінде құрамында тарихшы, жазушылары бар топ, келесі апта қытайдың Мұқали қаласына аттанады. Шара аясында Жетісу географиялық қауымдастығы өңірдің ішкі туризмін дамытуға белсене атсалысқан бірқатар БАҚ өкілдерін Алғыс хатпен марапаттады.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз