Өткен жылы өңірдегі кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесіне азаматтардан 30-ға жуық өтініш келіп түскен. Оның тең жартысынан астамы мамандар көмегімен оң шешімін тапты. Ал, саладағы заңсыз әрекеті үшін 3 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация алаңындағы қорытынды жиында айтылды. Кеңес төрағасы өткен жылда атқарған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Былтыр Жетісу жерінде бизнес өкілдерінің қатысуымен сегіз кеңейтілген отырыс ұйымдастырылған. Нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірнеше жоба қолға алынды. Айта кетсек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған аталмыш жұмыс тобы облыста бес жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мақсаты — кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз