Бірыңғай жиынтық төлемнен қорқудың қажеті жоқ. Керісінше бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әлдеқайда тиімді. Өйткені, бұрындары мемлекетке ешқандай жарна төлемеген азаматтар зейнетақы алмайтын. Біріңғай жиынтық жарнасын төлейтін болса, қартайғанда бейнетінің зейнетін көреді. Бұдан бөлек, болашақта ақылы болатын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Ол үшін айына 1 немесе жарты айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлеп тұруы тиіс. Жаңа жүйенің ерекшеліктерін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандары қаладағы таксистерге түсіндірді. Арнайы жаднымалар таратып, бірыңғай жиынтық төлемнің тиімділін айтты. Көкейтесті сауалдарына да жауап берді. Мұндай үгіт насихат жұмыстары енді күнделікті жүргізілмек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз