Мемлекеттік қызметшілер 8 сағаттық жұмыс тәртібін сақтауы қажет. Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті өкілдері арнайы рейд жүргізіп, мекемелерді аралап шықты. Кешкі алты жарым болса да, кеңседе отырған жұмысшыларды анықтап, ескерту жасады. Мамандар тексерісті алдымен экология департаментінен бастады. Мұнда 8 сағаттық жұмыс тәртібінің сақталғаны байқалады. Төрт қабатты ғимаратты түгелдей аралап көрген мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері есіктегі күзетшіні ғана көрді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз