Тойдың болғанынан боладысы қызық. «Жетісу» телеарнасының 20 жылдығына орай 20 түрлі шара ұйымдастырылмақ. Мерекелік думан ұлыстың ұлы күнінен басталады. Осы күні ұлттық ойындардан жарыс өткізілмек. Алда дәстүрлі әншілердің концерті, танымал өнер жұлдыздарының атсалысуымен қайырымдылық кештер өтеді. Спорттық бәсекелер тағы бар. Деректі фильмдер әзірленіп, кітап шығарылады. «Жетісу» радиосы және журналистер аллеясын ашу да жоспарланып отыр. Арнаның бас директоры Бейсен Құранбек БАҚ өкілдеріне той аясында атқарылатын шаруалар жайлы айтып берді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз