Облыста қала және аудан әкімдері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында оқытудан өтті. «Өңірлік дамудың трансформациясы» атты семинарға 17 аудан мен 3 қала басшысы қатысты. Оларға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының кәсіби мамандары дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Яғни, қызметшілерімен жақсы қарым-қатынас орнату, жанжал туындаған жағдайда екі жақты тиімді шешім қабылдау жолдарын үйретті. Көшбасшылық қасиеттерін арттырды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметті цифрландыру бойынша кеңінен мағұлмат алды. Айта кетейік, биыл өңірдегі 900-ден аса мемлекеттік қызметкерді оқыту жоспарланған.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз