Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтатанынын айтты. Президент бұл шешімін республикалық телеарналар арқылы халыққа жариялады. Енді заңға сәйкес Президенттің өкілеттілігін уақытша атқару Парламент сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевқа жүктелмек. Нұрсұлтан Назарбаев оның адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін айтып, Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты тұлға деп бағасын берді. Үндеуде Тұңғыш Президент еліміздің арғы-бергі тарихына тоқталып, жеткен жетістіктеріді тізіп шықты. Соңында халыққа зор ризашылығын жеткізіп, бас иетінін жеткізді. Ұлт көшбасшысы мәртбесіне ие болған Назарбаев енді Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете береді. Әрі «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметтерін жалғастырмақ.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз