Сүмбе өзеніндегі Қазақстан- Қытай бірлескен су торабын реконструкциялау жұмыстары толықтай аяқталды. Осыған орай, қос тарап өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Басқосуға ҚР ауыл шаруашылығы вице министрі Ерлан Нысанбаев пен ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюебинь қатысты. Қайта жөндеуден өткен су тоғаны 2000 гектардан аса алқапты тіршілік нәрімен қамтамасыз етпек. Шаруалар игілігі үшін қолға алынған жобаның құрылысына 160 миллион теңге қаржы жұмсалыпты

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз