Тәуелсіздікке – 30 жыл! Алматы облысында ел егемендігінің атаулы жылы қарсаңында мыңға жуық іс-шара өткізіледі. Бұл биылға бекітілген 12 бағыт, 103 тармақ бойынша іске асуы тиіс жобалар. Негізгілері халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға бағытталмақ. Сондай-ақ, өңірдің жаңа әлеуметтік нысандармен толығуы да басты назарда. Яғни, аурухана, балабақша мен спорттық нысандар бой көтереді. Мәселен, 2020 жылы облыста 10 спорттық нысан ел игілігіне тапсырылған еді. Жақында Көксу, Ақсу және Ұйғыр ауданында ашылады. Жалпы 2022 жылға дейін облыстағы 17 аудан мен 3 қала толығымен спорттық нысандармен қамтылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли жауапты басшылармен өткен зум форматындағы жиында мәлімдеді.