Алматы облысының бюджеті 780 млрд теңгеге жетті. Ортақ жетістік, ортақ еңбектің нәтижесі. Аймақ дамуына Кегендіктердің де қосқан үлесі ерен. Бүгін Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділовтың есептік жиынына онлайн үрдісте қатысқан облыс әкімі осылай деді. Амандық Баталов пандемия аяқталысымен, таудағы ағайынға арнайы барып қайтатынын да жеткізді.