Мүгедектік үшін төленетін зейнетақыдан қағылды. Талғар ауданындағы кембағал жандардың ата-аналары осылай наразылық танытты. Айтуларынша, биылғы тексеру комиссиясы мүмкіндігі шектеулі жандардың статусын жоққа шығарыпты. Салдарынан олар мемлекеттен берілетін зейнетақыны ала алмай отыр. Қазір бұл жағдайға байланысты облыста комиссия құрылып, тексеру жүргізілуде.