Өрт сөндіру жеңілдей түспек. Бақтыбай ауылындағы өрт сөндіру бекетінің материалдық техникалық базасы жаңарды. Енді бекеттегілер ауылдық округтегі болған өрт оқиғаларына шығып оны сөндіруге қауқарлы. Тіпті жарақан алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Жаңа жабдықтар үлкен өрттің алдын алуға және негізгі күш келгенге дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Ал, жылжымалы құрылғының мүкіндігі зор. Кез-келген көлікке тіркеп қызыл жалыған оранған жерге жеткізуге болады. Оңай әрі қолайлы. Айта кетейік, жалпы Бақтыбай ауылына жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі 20 шақырым жерде орналасқан.