«Осы мен өлмейтін шығармын?! Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын…Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Халқының сүйіктісі, жауһар жырдың марқасқасы осыдан дәл 90 жыл бұрын, 9 ақпанда дүниеге келіпті. «Ақиық ақынның 90 жылдық мерейтойы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді», деп жазды бүгін өзінің Твиттер парақшасында ел Президенті Қ.Тоқаев. Онда: «Мұқағали поэзиясы — күллі қазақтың болмыс-бітімі» деп пайымдады. Ақын мерейтойын кең көлемде атай бастаған аймақтар алды — Алматы облысы. Бүгін құрметіне бірнеше тағылымды шара өтті. Алды республикалық деңгейде.