Кешелі-бері әлеуметтік желі әдебиеттік желіге айналып кетті. Қазақ поэзиясының ақтаңгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнап өлең оқып, жыр жолдаған әдеби эстафета бүгін Есенқұл Жақыпбектің шығармашылығымен жалғасты. Себебі кеше ұлы Мұқағалидың туған күні болса, бүгін Есенқұл Жақыпбек дүниеге келген күн. Ақпанның ақ түтек боранында дүниеге келген ақын оқырман жүрегіне көктем ұялата білген санаулы саңлақтың бірі.
Автор: Аяулым Сансызбаева