Вирусқа қарсы вакцина алу жалғасуда. Өңірдегі облыстық ауруханасында 40-тан аса медицина қызметкері екпе алған. Олардың барлығы – қауіпті індетті жұқтырған науқастармен тығыз қарым-қатынаста жүргендер. Яғни, «қызыл аймақтағы» медицина мамандары қамтылып жатыр. Ақ халаттылар жалпы, індетке қарсы препаратты қабылдау қауіпсіз екенін айтады. Бұл иммунитетті арттырып, ағзадағы инфекциямен күресуге көмектеседі. Бірақ оның кейбір кері белгілері бар. Дене қызуы көтеру және т.с.с. өзгерістер болады. Мұны сала қызметкерлері қалыпты жағдай екенін айтады.
ADVERTISEMENT