Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту. Таяу болашақта Алматы облысында 60 МВТ-тық жел электр стансасын қолданысқа беру жоспарда. Шелек дәлізінде орналасқан нысан бұйыртса, 60 мың шаңырақты жарықпен қамтуға қауқарлы. Болашақта қуатын 300 мвтқа жеткізу мүмкіндігі бар. Бүгін «Самұрық- Энерго» акционерлік қоғамының өкілдері аймақ әкімі Амандық Баталовпен іскерлік кездесу өткізді. Алматы облысы — «Самұрық -Энерго» үшін стратегиялық маңызды өңір. Осында электр қуатын өндіреді, тасымалдайды, сатады. Инвестициялық портфелінде атқарушы билік қолдауымен жүзеге асырған жобалары көп. Бұл жолы да жаңа бастамаларын таныстырды. Бұл қатарда: Алматы ТЭЦ-3 ті реконструкциялау, Іле өзенінде контрреттеуші Кербұлақ ГЭСі құрылысын жүргізу. Саланы жетілдіруге қолдау қажет. Алдағы 10 жылда Қазақстанда 10 мың мвт қуат тапшылығы туындауы болжануда.