Енді жас кәсіпкерлер кәсіп ашудың қыр-сырын меңгереді. Облыс орталығында алғаш рет жаңа бизнес мектебінің тұсауы кесілді. Енді өз ісін бастауға ниетті өңір жастары арнайы курстардан өтетін болады. Яғни, орталық өз қызметін жаңадан бастап келе жатқан жандарға бизнесті кеңейтуге немесе ісін ілгерілеуте септігін тигізеді. Мектептің мақсаты – кәсіпкерлік негіздерін үйрету. Азаматтар бизнес жоспарын жасау жолдары мен қаржылық сауаттылықтықтарын арттырады. Оларға бизнес жаттықтырушылары мен нақты кәсіби тәжірибесі бар азаматтар ғана сабақ береді.