Жедел жәрдем көлік жүргізушілері жылына екі рет оқу курсынан өтуге міндетті. Жол жүру белгілерін қатаң сақтап, қауіпсіздік ережелерін ескеру қажет. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің қойған талабы. Айта кету керек, жол жүру ережелерінің 34 тармағына өзгертулер енгізілді. Сол өзгертулермен облыстық жедел жәрдем көлік жүргізушілері де танысып, оқу курсынан өтіп жатыр.