Латынға көшу – рухани жаңғыру талабы. Қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбидің жаңа жобасы 90 пайыз дайын. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада өткен жиында лингвисттер осылай деп баға берді. Онда қаңтардағы ұлттық комиссия отырысында ұсынылған жаңа әліпби талқыланды. Сынама сабаққа Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті Әнес Ғарифолла және ғалымдар, оқытушылар қатысты. Олар жаңа құжат талқылап, кем кетік тұстарын терді. Маңызды жиында тіл мамандары еркін пікір алмасты. Айта кетейік, қазақ әліпбиінің толық нұсқасы Президент жарлығымен алдағы уақытта бекітіледі. Оны жетісулық тұрғындарға түсіндіру мақсатында биыл бюджеттен 3 млн 577 мың қаржы қарастырылып отыр.